«Казцинк». Табысымның тарихы» – Қазақстандағы жұмысшы
мамандықтар жылына арналған корпоративтік конкурс
Біздің мақсат
Жұмысшы мамандықтарының беделін айқындау, «Казцинк» қызметкерлерінің жетістіктері туралы айтып, компанияның корпоративтік мәдениетін нығайту. Біз командамыздың әр мүшесін мақтан тұтамыз және сіздің кәсіби жолыңыз бен өткен сын-қатерлеріңіз жайлы, тәлімгерлер туралы, мамандық таңдау, еңбегіңіздің компания үшін маңыздылығы туралы өмір тарихыңызды тыңдағымыз келеді.
Ең қызықты әңгімелер ашық онлайн дауыс беру үшін сайтта жарияланады. Әр аталымнан ең көп дауыс жинаған бір жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар 2025 жылы Металлург күнін мерекелеу кезінде марапатталады.
Алты номинацияның әрқайсысының жеңімпаздарына 500 000 теңге көлемінде сыйақы табысталады.
Дауыс беру 4 шілде күні қоса алғанда аяқталады.
Санаттар












































Кім қатыса алады:
Лауазымына, еңбек өтілі мен қаласына қарамастан, «Казцинктің» барлық қызметкерлері.
Қалай қатысуға болады:
- Төмендегі «Өтінім беру» түймешесін басып, ұсынылған конкурс аталымдарының бірін таңдаңыз.
-
Таңдалған санат бойынша өзіңіз туралы, жұмысыңыз бен мамандық бойынша еңбек жолыңыз жайлы әңгімеңізбен бөлісіңіз:
- Мәтінді әңгіме (3 000 белгіге дейін);
- Өмірден немесе жұмыс орнынан 5 фото;
- Ұзақтығы 60 секундқа дейінгі бейнеролик.