«Казцинк». Табысымның тарихы» – Қазақстандағы жұмысшы
мамандықтар жылына арналған корпоративтік конкурс

Біздің мақсат

Біздің мақсат

Жұмысшы мамандықтарының беделін айқындау, «Казцинк» қызметкерлерінің жетістіктері туралы айтып, компанияның корпоративтік мәдениетін нығайту. Біз командамыздың әр мүшесін мақтан тұтамыз және сіздің кәсіби жолыңыз бен өткен сын-қатерлеріңіз жайлы, тәлімгерлер туралы, мамандық таңдау, еңбегіңіздің компания үшін маңыздылығы туралы өмір тарихыңызды тыңдағымыз келеді.

Ең қызықты әңгімелер ашық онлайн дауыс беру үшін сайтта жарияланады. Әр аталымнан ең көп дауыс жинаған бір жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар 2025 жылы Металлург күнін мерекелеу кезінде марапатталады.

Алты номинацияның әрқайсысының жеңімпаздарына 500 000 теңге көлемінде сыйақы табысталады.

Дауыс беру 4 шілде күні қоса алғанда аяқталады.

Санаттар

Үздік жас қызметкер (35 жасқа толмаған)
Еңбек әулеті
Менің ісім – менің мақтанышым
Жастардың тәлімгері
Қайратты қыздар
Бізді таныстырған Казцинк